Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

170 сарбаз Ант қабылдады

Жуырда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында Көктем-2024 шақырылымымен әскерге алынғандардың  ант қабылдау рәсімі өтті.

Жеке құрам мен қонақтардың алдында әр өңірден келген  кеудесіне жауынгерлік қаруы бар 170 жас сарбаз сап түзеді. Бір ай ішінде олар бөлімде және оқу полигонында алғашқы әскери дайындық курсынан өтті. Онда олар саптық, атыс, дене шынықтыру дағдыларын игерді, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын зерттеді.

Салтанатты рәсімде әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылды, Мемлекеттік Әнұран орындалып және Қазақстан Республикасының және Қарулы Күштер түрлерінің Тулары көтерілді.

Бөлім командирі, полковник Әмірқожа Айтқожиннің бұйырығынан кейін саптық алаңда әскери ант қабылдау басталды. Бұл жай ғана сөз, жалаң мәтін емес, бірнеше сөйлемнен тұрса да   терең мағынаға ие.

Қазақстанның әр аймағынан алыс жол жүріп келген  жас сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары бұл рәсімді көздеріне жас алып тамашалап, ұлдарымен бірге қуанды. Өйткені, жақында бұл балалардың көпшілігі мектеп пен колледж бітіргендер, ал бүгін олар әскерде қызмет етіп жүрген ер-азаматтар.

«Отанға адал болуға ант берген күн өмірде бір рет болады. Біз бәрін анық және сенімді түрде жасауға тырыстық. Әскери ант мәтінінде бірнеше сөйлемнің мағынасы өте терең. Біз аға буынның сенімін ақтау үшін сапалы жауынгерлік оқуға бар күшімізді салатынымызға сенімдіміз, – деп бөлісті қатардағы жауынгер» Айбол Полатов.

Әскери ант қабылдау рәсімі жауынгерлердің қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетіп және салтанатты шерумен өтумен аяқталды. Осылайша олар әскери дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады, енді олар мамандық бойынша дайындықтан өтіп, саптық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтарын жалғастыруы керек.

Ант қабылдау рәсімінен соң, ата-аналарға бөлім аумағына экскурсия ұйымдастырылып, бөлім басшылығы ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

 

А.Орынғали

Басқа материалдар

Back to top button