ОРАЛДА ӘКІМДІКТІ СУ БАСТЫ (ВИДЕО)
Батыс Қазақстан облысының жағдайы биыл да мәз емес. Өңірде алдын алу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан еріген қар суы Орал қалалық әкімдіктің ғимаратына дейін кіріп кеткен. Қазір нысанның жер төлесін су басыпты. Ашуға мінген облыс басшысы Нариман Төреғалиев тасқынға дұрыс дайындалмаған қала әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады. Экс-сенатор тіпті шенеуніктің тасқынға жауапты екі орынбасарын қызметтен босату туралы пәрмен берді. Айта кету керек, Орал елімізде тасқын қауіпі ең жоғары қалалардың қатарында. Бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр да жағдайды күрделендіріп тұр. Аймақтағы коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмысқа кірісіпті. Себебі, жеке сектордағы 250-ге жуық үйден қар суын сорғызу туралы өтініш түскен.
ВИДЕО mgorod.kz ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ.
ФОТО: Ашық дереккөз