Қаламгер идеологияның әлсіреп, рухани құндылықтардың құлдырап бара жатқанына алаңдайды. Әсіресе, өзінің өмір жолын, жетістігін кітап етіп шығарып, жарнамалап, сатып жатқандарға қынжылады.
«Үлкен үрейдің үстіндемін мен. Ана ретінде, қаламгер ретінде. Ұрпағым не болады деп ұйқым келмейді. Қазір менің Абай айтқандай денім сау емес, аурумын. Қазір біз кітабын сатып жүрген журналист, тіпті журналист емес қыз балаларды білеміз. Бір түнде миллионер болдым деп. Селкілдеп жүрген. Сол кітаптар қазір классиканы тасасында қалдырды. Тазалау керек әдебиетті. Бұл идеологиядағы қызметіміздің әлсірегені», дейді ақын.