Басты жаңалықтарҚоғам

Сақалды әже сотқа жүгінбек (видео)

Шетелдік ақпарат көздері лаңкестік ұйымының жетекшісі санаған қазақстандық әжей жалған ақпарат таратқан басылымды халықаралық сотқа бермекші. 70 жастағы қазығұрттық Мухтабар Тораева шетелдік баспасөзді “абыройыма нұқсан келтіріп, ағайын-туыстың арасына мені жерге қаратты”- дейді. Тіпті, сол мақаладан кейін күйзеліске де ұшыраған. Бірақ, тілшілермен емен-жарқын араласып үйренген “сақалды әже” шетелдік журналистердің әрекетін “ит үреді, керуен көшедіге” теңеп отыр. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Бұл — Мухтабар әжейдің  үшінші шөбересі. Есімі — Гауһар. Бүлдіршін әжесінің ең қымбат қазынасы. Сондықтан, кейуана кішкентайды күндіз-түні айналып-толғанып, еркелетіп отырғаны. Ал, өзі жақында 70-ке толыпты. Бақыттың базарында шалқып жүргенде шетелдік ақпарат көздері лаңкестік ұйымының жетекшісі деп жарияға жар салыпты. Оның үстіне, бет-аузын түк басқан әжені олар ер адаммен шатастырып алса керек. Сөйтіп, айды аспанға бір-ақ шығарды.

МУХТАБАР ТОРАЕВА, ТҰРБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен оны жек көрдім, мен өзім бір ауылдағы отырған адам болсам, қалада отырсам, немесе террористердің ортасында жүрсем мақұл. Жасым 70-ке келді. Бала-шағамның ортасында құда-құдағиларым бар, ауылдың барлығы біледі мені».

Мухтабар әже табиғи жаратылысы бөлек жан. 30 жасында аяқ астынан иегіне сақал шыға бастағанын айтады. Ол кезде дүниеге екінші перзентін алып келген екен. Кейінен мұрт пайда болыпты. Міне, содан бері 40 жылдай уақыт өткен. Осы жылдар аралығында бірде-бір рет ұстара пайдаланбапты. Осы күні оның сақалының ұзындығы -20 сантиметрден асып кеткен.

МУХТАБАР ТОРАЕВА, ТҰРБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қыздар өлшеп көрді әнеукүні, 21 сантиметр болыпты. Оның алдында 16 сантиметр еді. Сонда 5 сантиметр өсіпті ғой».

70 жастағы кейуана әлі күнге ерекше келбетімен барша жұртты таң қалдырып жүргенін айтады. Әсіресе, көрші Өзбекстанға жолға шыққанда, қызығып қарайтындар көп екен. Кейбірі әдейілетіп тоқтатып, естелікке суретке түсіп жатады дейді.

МУХТАБАР ТОРАЕВА, ТҰРБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Көп, таможныйда әсіресе. Сол жердегі жігіттер «апа суретке түсейік» деп қолқалап жатады. Барығы телефонға түсіріп алады. Қайтесің мұны десем, апа мен үйдегі келініңізге, анама көрсетемін дейді. Көрсете бер деймін».

Тұрбат ауылы Қазығұрт тауының баурайына орналасқан. Жергілікті жерде қазақтармен бірге өзбек ұлты өмір сүріп жатыр. Барлығы бір-бірімен тату тұрады. Арасында өзара қыз беріп, келін түсірген құдалар да бар. Ал, Мухтабар әже сол достықтың дәнекері атанып жүр. Ауыл-аймақтың бетке ұстарына айналған оған ешкім қарсы келмейді. Қайта, ақыл-кеңесіне жүгінеді.

САБУРА ГАИПОВА, ТҰРБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қайда барсақ та екеуіз ұйымдастырамыз, Көшеде «сумалак» дайындасақ та, бір жерге қыдырып барсақ та екеуміз машинамен сөйлесеміз, ортадан ақша шығарамыз, мен жазамын, апа туралайды. Сіз секретаршасыз ба апаның? И», мен секретарымын апаның».

ПЕРНЕБЕК БІЛӘЛБЕК, ТІЛШІ: «Жалпы, әлемде бет-аузын түк басқан нәзік жандар сирек кездеседі. Олардың арасында танымал тұлғалар да бар. Бірі сән әлемінің серкесі атанса, енді бірі атақты әнші. Ал, америкалық бір зейнеткер апа өзінің сақалын 25 сантиметрге жеткізіп, Гиннестің рекордттар кітбына енді. Енді солардың қатарынан тұрбаттық Мухараб апа да көрінбекші. Себебі, әже өз сақалын 21 сантиметрге жеткізіпті. Жуырда Қазақстанның Гиннес рекордттары кітбына енуді де көздеп отыр».

 

 

Басқа материалдар

Back to top button