Басты жаңалықтарҚоғам

Имам: атеистер адам суретінде жүрген шайтандар (видео)

Байсеміз live-та сұхбат берген Қаскелең мешітінің имамы Жұмабеков Данияр Қуандықұлы осылай деді.

Жын шығару тақырыбына сөйлеген дін өкілі «атеистерге жыр кіре ме?» деген сұраққа олардың өздері жын, адам сүретінде жүрген шайтандар деп жауап берді. Пайғамбардың сөзіне сілтеме жасаған имам Данияр Қуандықұлы  кез-келген ақиқатты жоққа шығарушы адам шайтан деп атап өтті.

Сұхбат алған Жанар Байсеміз Құдайға сенбей, ғылымға сенетіндерге қатысты тағы да нақтылап сұраған кезде де имам шайтан деп айтуға қорықпайтынын, бұл сөздің дөрекі, боқтық сөз еместігін, мансұқтау еместігін айтты.

Құдайға сенбейтін адамның бойында ағартушылық қасиет болса қалай деген сұраққа да дін өкілі «ағартушылық қасиет шайтанда да бар» деп кесіп айтты.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button