Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

Астанада 5 мың адам домбыра тартты

Елордада бес мыңнан астам қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының «Ұлттық үн» атты мерекелік шарасы өтті.

Бұл ауқымды жоба қазақ халқының бай музыкалық мұрасын және дәстүрлі өнердің терең тамырын айшықтады.

Шара барысында барлық өнерпаздар бір мезетте қазақ күй өнеріндегі аңызға айналған «Шернияз» күйін орындап, сонымен қатар «Наурыз» әнін шырқап, мерекелік көңіл-күйге ерекше реңк қосты. Мыңдаған өнерпаздың бір уақытта орындауындағы бұл туындылар өнерге деген құрмет пен дәстүр сабақтастығының маңызын айқын көрсетті. Шығармаларға ҚР Халық әртісі, дәулескер күйші, дирижёр, Айтқали Жайымов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дархан Рахимғалиев және халықаралық конкурстардың лауреаты Әділет Азбаев дирижерлік етті.

Мерекелік бастама Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Шараға Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты көркемдік ұжымдар, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Роза Бағланова атындағы «QAZAQCONCERT» ұжымдары, Ұлттық ұланның үлгілі‑көрсетілімді оркестрі, Ұлттық әскери‑патриоттық орталықтың оркестрі және орта білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.

А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button