Басты жаңалықтарДенсаулықРЕГИОН

Атырауда кәріз құбыры жанынан нәресте табылды

Баланы үйіне алып келген әйел дереу жедел жәрдем мен полиция шақыртқан. Бұл туралы  Azattyq Rýhy хабарлады.

Сәрсенбі күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай нәрестені көрген. Баланы үйіне алып келген әйел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Қазіргі уақытта құзырлы орган өкілдері нәрестені құтқарумен айналысуда.

«Иә, мұндай жағдайдың болған рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ тұрақты. Медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button