Мақсат Толықбай су тасқынына Роман Склярды кінәлады (видео)
Су тасқынына байланысты Ақтөбе облысына барып, ахуалмен танысқан депутат Мақсат Толықбай өңірде дайындықтың нашар екенін мәлімдеді.
“Үкімет пен әкімдіктер арасында байланыс жоқтың қасы”, деген мәжілісмен кейбір аудандардың резервінен 10 дана резеңке етікте табылмағанына таң қалды.
Мақсат Толықбай вице-премьер Роман Склярдың Ақтөбе облысына сапарын да сынға алды. Депутат Үкімет басшысының орынбасары Склярдың Алға ауданына ғана барып, су астында қалған Ойыл ауданына ат басын бұрмағанына қатты қапалы екен айтты.
Су тасқынына байланысты сөгіс алған Роман Склярды жазасы тым жеңіл деп есептейді Мақсат Толықбай. “Қазіргі тасқынға, жаздағы алапат өрттің бәріне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кінәлі. Оларға шара қолданып, кейбір Үкімет мүшелерін ауыстыру керек” деді депутат.
ФОТО: Ашық дереккөз
Видео Мақсат Толықбайдың парақшасынан алынды.