БҚО әкімі аты шулы спорт басқармасының басшысына қатысты сұраққа күмілжіп жауап берді
Астанада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аты шулы спорт басқармасының басшысына қатысты сұраққа күмілжіп жауап берді. Облыс әкімі қандай шешім қабылдайтынын да нақты айта алмады.
Айта кетейік, жуырда Батыс Қазақстанға жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа ақын Бауыржан Халиолла спорт басқармасының айналасындағы былықты жайып салған болатын. Мәселен, Әсия Аманбаева басқаратын басқармаға қарасты ат спорты мектебі есек бағып отыр екен. Сондай-ақ, осы саладағы бірқатар басшы жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Жағасын ұстаған Үкімет басшысының орынбасары бұл мәселені қолға алатынын жеткізген еді.
Жуырда тиісті комиссия барып тексеру жұмыстарын жүргізіп кетіпті.