Басты жаңалықтарБілімҚоғам

Ақпараттық керуен Қазақстанды аралайды

Жастар арасындағы әлеуметтік бірлікті дамыту мәдениеті жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен ҚАЗАҚСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН БАСТАЛДЫ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ грантын іске асыру аясында Ұлттық Дельфий Комитеті белсенді қазақстандық жастарды біріктіру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық керуен жолға шықты.

Әлеуметтік жобалар зертханасы – «әлеуметтік лифттер» платформасын, білім берудегі инновацияны  дамыту, «Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бизнес-инкубаторы. Керуен   жастардың бойында жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастыру, мәдениет бағыттары бойынша білім беру алаңдарын ашады. Модератор-бапкерлер ретінде этномәдени бірлестіктердің жарқын өкілдері, мәдениет қайраткерлері тартылып отыр.

Атап өтетін болсақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев өз баяндамасында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы туралы сөз қозғайды. Айта кететін жайт, Тимур Жұмырбаев – Қазақстан Халқы Ассамблеясының ең жас мүшесі болып табылады. «Елімізде түрлі ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі – бейбітшіліктің белгісі» дейді Тимур Жұмырбаев.

Спикерлер ретінде білім беру, мәдениет, тарих және бизнес саласындағы қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысады.

Мәселен, олардың қатарында ҚР Президентіне қарасты Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облыстық филиалының директоры Белла Газдиева, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еріктілер клубының төрайымы Лилия Гизатуллина бар. Өз баяндамаларында спикерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі міндеттерінің 5 блогына: Қазақстан тарихы, мәдениеті, экология, білім беру мен тағы басқа  салаларға ерекше назар аударады.  Керуен ағымдағы жылдың 10 шілдесінен басталып, Қазақстанның 17 қаласын аралап, қараша айында аяқталады. Ақмола облысында түндігі түрілгеннен  кейін керуен сарапшыларының делегациясы СҚО, одан соң Қазақстан аймақтарын аралайды.

Моноқалалар, аудандарды да қамтып, талаптыларға үлкен мүмкіндік беріп, болашағына жол ашатын жоба жалынды жастарды асыға күтеді!

 

Анықтама: Ақмола облысынан бастау алған ақпараттық керуен Солтүстік Қазақстан облысына келе жатыр. 12 шілде күні – Аққайың ауданына, , 13 шілде – Тимирязев ауданына ат басын бұрады.

Ендеше сіздерді, 2019 жылғы 12-13 шілде күндері СҚО өтетін мәдени іс-шарада асыға  күтеміз!

12 шілде – Аққайың ауданы ОАА, Зеленая көшесі, 23.

13 шілде –   Тимирязев ауданы «Нұр Отан» партиясының ғимараты, Уәлиханов көшесі, 1, конференц-зал, ішкі аула.

Жоба үйлестірушісі, +7 771 909 8424 Айзада.

Жобаның баспасөз қызметі  +7 705 528 86 87 Мақпал.

 

Басқа материалдар

Back to top button