Басты жаңалықтарҚоғам
Magnum дүкеніндегі күріштің ішінде мысықтың боғы жатыр
Magnum желісінің Шымкенттегі дүкендерінің бірінде күріштің ішінде мысықтың нәжісі жатыр. Ал дәнді-дақыл салынған контейнердің үстінде екі марғау отыр.
Әлеуметтік желіге тараған видеодан соң сауда желісінің басшылығы ел-жұрттан кешірім сұрап, мән-жайды түсіндіріпті.
Айтуларынша, түнде дүкенге тауар тасып жатқанда мысықтар ішке кіріп кеткен. Ал күріш салынған контейнердің беті негізі жабық тұратын. Алайда таңертең ерте келген клиенттердің бірі қақпағын ашып кеткен көрінеді. Қазір мысықтар бүлдірген күрішті төгіп тастаған.
Ал аты шулы дүкенді тағы шулатып кеткен екі мысықты енді жан-жануарға жанашырлықпен қарайтын адамға бергәлері келіп отыр.
А. Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз


