Елбасы сенімге кірген кадрларының есімдерін атады
Жуырда ұлттық комиссияның отырысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері жанында жүрген атқамінерлердің атын атап, түстеді. Әсіресе, Иманғали Тасмағанбетов пен Қасым-Жомарт Тоқаевты, Даниал Ахметов пен Ахметжан Есімовті, Бердібек Сапарбаевты ерекше мақтап, олардың ел дамуына қосқан үлестерін сөз етті.
Президент сондай-ақ, қазіргі министрлерге жұмыс істеуге бар мүмкіндіктің жасалғанын айтып, өткен ғасырдың 90-жылдарында жұмыс істеудің қиындығымен салыстырды. Ал Елбасы атап өткен Иманғали Тасмағанбетов, Қасым-ЖомартТоқаевты, Даниал Ахметов, Ахметжан Есімовті, Бердібек Сапарбаевтар қаржы жоқ, әлеуметтік-экономикалық қиын кездерде әр түрлі лауазымды қызметте болып, әлі күнге дейін Президенттің сенімді кадрларының қатарында.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Осы жылдардың ішінде қанша министрлермен бірге істедім. Қанша әкімдермен бірге істедім. Оның ішінде атсалысып, маған үлкен көмек жасаған азаматтар болды. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші күннен сыртқы саясатты жасауға көмектесіп келе жатыр. Ахметжан Есімов ауыл шаруашылығының жүйелі түрде заңын қабылдап, бүгінгі ауыл шаруашылығының негізін қалаған азамат. Сағадат Нұрмағанбетов. Бірінші қарулы күштерді жасаған азаматтың бірі. Айта берсең көп. Көп еңбек сіңірген әкімдер бар жанымда. Міне, Жақсыбеков, Астананың бірінші әкімі. Даниал Ахметов, Тасмағанбетов, Сапарбаев деген әкімдер, істеп кеткен, демалысқа кеткен министрлер, әкімдер, Үкіметтің басшылары. Ең жақсы жұмыс істеген адамдарды айтып отырмын».