Басты жаңалықтарВидеоҚоғам

Абзал Құспан киік мүйізі үшін жазықсыз сотталғандарға араша сұрады

Ауыл азаматтары әділетсіз сотталып жатыр.   Мәжілістің жалпы отырысында депутат киік мүйізіне қатысты істі болғандар жайлы сөз қозғады. Бұл туралы «Евразия» телеанасы хабарлады.

Абзал Құспан темір торға қамалғандар браконьер немесе ұйымдасқан қылмыстық топ емес қарапайым ауыл тұрғындары дейді. Дала жануарын атпаған, бірақ оның мүйізін сақтаған, жинаған қарашаны жазықсыз соттау әділетсіз дейді депутат.

«Барлық жағдайда іс бір сценариймен жүреді, яғни киіктің мүйіздері табылады, іс қозғалып, Үкімет тарапынан экология министрлігінің уәкілетті комитеті арқылы киіктің құны шығарылады бір киік 2,5 млн. Ал тергеу органдары мен сот азаматты киікті өлтіру арқылы табиғатқа аса ірі мөлшерде зиян келтіргені үшін соттайды. Ол киікті ң өлу себебі анықтамайды», деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Сондай-ақ Абзал Құспан жазасын өтеп жатқандардың әрбірінің мойнында миллиардтаған айыппұл барын айтты. Мәжіліс депутаты Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған сауалында ауыл тұрғындарының тағдырына бей-жай қарамай, сот үкіміне қайта талдау жүргізу керектігін жеткізді.

А.Орынғали

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button