АЙМАҚБәйтерек ауданыӨҢІРЛЕР

Түлектерден сыйлық емес, тал қалсын

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің осындай игі шараны қолға алды. Биыл мектеп бітіретін оқушылар білім ордасының айналасына көшет отырғызды. Бұл туралы «Ауыл тынысы» аудандық газеті әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлдана Аргенова мен ауыл ақсақалдары Н.Анципрович, Қ.Абдушев қатысты.

-Бүгінгі шараның мақсаты Қ.Р Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл отырғызылар тал-терек келешекте ауыл ажарын ашар жасыл желекке айналсын. Санаулы күндерден соң болашаққа қанат қаққалы тұрсыңдар, ендеше болашақтарың жарқын болсын, — деді Гүлдана Мәлікқызы.
Бұл шараға мектеп бітіргелі тұрған түлектер мен бірге осы білім ордасынан 2013 жылдан бері қанат қаққан жекелеген жастар да белсене қатысты. Олар 20-ға тарта тал терек отырғызды.

Басқа материалдар

Back to top button