Депутаттардың президенттіктен дәмесі зор (видео)
Шетелде болған дипломаттар президент сайлауына түсе алады. Бір емес, бірнеше өқзырлы органның өкілдері бүгін осындай мәлімдеме жасады. Әділет вице-министрі мен Мәжіліс төрағасының орынбасары «Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдегі қызметі сайлауға түсуіне кедергі бола ма?» деген сұраққа жауап берді. Екі жылға жуық Женевада жүрген оның сайлауға ұқатысуға толық құқы бар екен. Ал, еліміздегі басқа да саяси партиялардың басшылары бұл маңызды саяси науқаннан шет қалмаймыз деп білектерін сыбанып отыр. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
«Саяси партия болған соң билік басына келуді аңсаймыз ғой».
ЗКТ: Бұған дейін сайлауға түсіп дәніккен Жамбыл Ахметбековтің президент болудан әлі де дәмесі зор. Тек партияластары ұсынса болғаны. Барлығы 26 сәуірде өтетін Қазақстан коммунистік халық партиясының сиезінде белгілі болады. Әзірге, 3-4 үміткер бар екен.
ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚКХП МҮШЕСІ:»Менің тәжірибем бар. Егер сиезде делегаттар мүмкіншілігіңіз бар десе қарсы тұруға, бас тартуға құқым жоқ».
Костюміне қос төсбелгі таққан коммунист Қоңыровта кетәрі емес. Сайлауға түспеймін деп айта алмады.
АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ — ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚКХП МҮШЕСІ: — Сізді ұсынса түсер ме едіңіз? -Білмеймін, көреміз.
Заң бойынша президенттіктен үмітті адам соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұруы тиіс. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Мәжілістің вице-спикері Гүлмина Исимбаеваның айтуынша, Тоқаев та басқа дипломаттар сияқты сайлауға қатыса алады. Себебі, ел аумағынан тысқары қызмет ету жұмыс сапары болып саналғандықтан, шетелде жұмыс істеуге жатпайды екен. Ал «Нұр Отан» партиясынан кімдер кандидат болуы мүмкін. Нұрлан Нығматулин сайлауға түсе ме деген сауал қызықтырды тілшілерді.
ГҮЛМИРА ИСИМБАЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:-Сіз төрағамен жақынырақ сөйлесесіз ғой. Ол кісінің өзінің кандидатурасын ұсынатын ой бар ма, жоқ па? – Маған өз басшым жайында жауап беру қиын. Ол жерде партия ұсынғанымен, тұлғаның өзінің де шешімі керек.
Сәуір айы сиездердің айы болғалы тұр. Елімізде 6 саяси партия бар екен қазір. «Нұр Отан» мен «Ақжол», «Қазақстан Коммунистік халық партиясының» мүшелеріне қарағанда, қалғандары аса белсенді емес. Тіпті бар-жоғында жұрт білмеуі мүмкін.