Басты жаңалықтарБілім
Президент фаст-фудтың жарнамасына шектеу қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы тамыз конференциясында осылай деді. Тез дайындалатын тағамдар зиянды әдеттердің қалыптасуына ықпал етіп, ағзаға түсетін салмақты арттырады. Салдарынан елдің еңбек әлеуетіне кері әсерін тигізіп жатыр. Фаст-фудтың зардабын айтып сөзін сабақтаған Президент Қазақстанда 7 мыңға жуық бала қант диабетімен ауыратынын мәлім етті. Олардың саны көбеймесе азаймай тұр. Сондықтан құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасына шектеу қоюды ұсынды. Алайда бұл мәселенің медициналық қана емес саяси астары да бар. Сол себепті үкіметке проблеманың ұңғыл-шұңғылын мұқият зерттеп, тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



