Басты жаңалықтарСаясат

Тоқаев халықаралық бейбітшілікке үн қосты

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Швейцарияның Давос қаласына барды. Мақсат — халықаралық бейбітшілікке үн қосу. АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесі Жарғысына қол қою рәсіміне шақырып, Қазақстанға құрылтайшы елдердің бірі болуды ұсынған еді. Бұл Газа секторындағы ахуалды реттеуге арналған маңызды құжат. Альпі тауының бөктеріндегі Конгресс орталығына барған Президент аталған Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл рәсімге Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысқан. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Президентімізге алғыс айтты.

А.Орынғали

ФОТО/видео aqorda_resmi телеграм арнасынан

Басқа материалдар

Back to top button