Басты жаңалықтарБілім

Президент: мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы оқушылардың ұстаздарға дөрекі сөйлеп, қол көтеріп жатқанын сынға алды. 

-Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес. Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес. Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек,-деген Президент бұл мәселелерді назарда ұстауды Оқу-ағарту министрлігіне тапсырды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім саласындағы реформалдарға қатысты да тоқталды. 

-Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр.
Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

А.Нәби

ФОТО:t.me/aqorda_resmi  және ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button