Басты жаңалықтарМәдениет

Күләш Бәйсейітова Роза Бағланованы қызғанғаны рас па?

Қазақтың жез таңдай, күміс көмей әншісі Күләш Байсейітова Роза Бағлановаға қызғаныштық жасаған көрінеді. Бұл туралы Роза Бағланова кезінде “Үзеңгі жолдас” телебағдарламасына берген сұхбатында айтыпты.

-Күлекеңді мен сыйлаймын. Бірақ бір, екі жерде қызғаныштық жағдайлар жасады. Енді мен атом бомбасындай үстерінен түстім ғой. Барлығы бір концерттен береді, мен күніне 3-4 концерт өткіземін. Қызғаныш болмау керек,-дейді әнші.

Сұхбат барысында Роза Бағланова өз репертуарындағы танымал шығарманың бірі “Ах, Самара-городок” әні туралы да пікір білдірген. Сондай-ақ, аңыз адам Кеңес заманында Үндістанға барған делегация құрамында болып, бір күннің ішінде үндінің әнін қалай үйреніп, шетелде шырқағанын да айтты.

А. Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button