Басты жаңалықтарБілім

Қымбат Әбілдәқызы “Айгөлекке” не шығып жатқанын біле ме?

Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі, ақын, журналист Дариға Нұрашева осындай пост салыпты.
Балалар журналына  тозақ, жер астындағы өліктің дауысы туралы материалдар жарияланыпты.

“Топырақтың астында не көп?

Не болушы еді — өлік те!

-Жоқ, өлік емес, өліктердің жан дауысы!”деген шығармалар жүр.

“Айгөлектің” ішіндегі мұндай масқара дүниелерді Торуыл Шоқанда жазыпты.

“Біздер «балаңды дұрыс тәрбиеле, замануи білім мен ғылымға бағытта» деп діңкеш ата-аналар мен шармаяқтасып жүрсек, «Айгөлек» журналы балалар жүрегіне «ислам нұрын» төтесінен төгіп жатыр екенғой, ә? Мұһаммедтің қызы Фатиманы «Күйеуің Әли екеуің Абу Бакрды халиф деп мойындамадыңдар, ант бермедіңдер..» деп тепкілеп өлтірген озбыр Омар ибн Хаттабты «жеке шаруаң-мемлекеттің ісі емес, өзімнің май шамымды жағып қараймын» дегізіп балаға сіңіру адамгершілік пе? «Айгөлек» журналы бас редакторы Қымбат Әбілдина «құдай алдында күнәлімін» десе діни журнал ашсын да, жазсын ойындағысын.Ал балаларға араптың озбырларын емес, қазақтың игі жақсылары тарихынан үзінділерді жазсын“,- дейді Тортуыл Шоқан.


А.Нәби

Басқа материалдар

Back to top button