Басты жаңалықтарҚоғам
Астаналық ару көшеде автомат асынып жүр

Астананың аруларымен аялдамада танысқанда абайлау керек. Аңдамай сөйлесеңіз арқаның қыздары атып тастауы мүмкін. Қоғамдық көлік тоқтайтын орынға қарумен келген әйел тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды. Бойжеткеннің АК-47-ні оңды-солды кезеген бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарапты. Жұрт жүрексінгесін полицейлер автомат асынған арудың жеке басын анықтаған. Ал қолындағы қарудың ойыншық екені бөлімшеге жеткенде бір-ақ білген. Кейін, елордалықтарды шошытқан келіншектің үстінен ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз



