«Арыстықтардан кешірім сұрамаймын»деген Нұрлан Ермекбаевқа Президент қатаң сөгіс берді
Қорғаныс саласының жұмысына көңіл толмаған бас қолбасшы министрге осындай жаза берді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әскери нысанның маңынан үй салуға жер берген шенеуніктерді де жазалайтынын ескертті.
https://youtu.be/q0atrO-kc9I
НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:»Ол табиғи нәрсе. Арсеналдың қауіптері бар. Мен кешіріп сұрайтын себебін көріп тұрған жоқпын».
Арыстағы жарылыстан кейін журналистерге осылай жауап берген Қорғаныс министрінің сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Артынша брифинг өткізіп, ақталуға тырысты ол. Парламенттің ішінде сұрақ қойған тілшіні көшеде жүрген біреуге теңеп тағы сөзінен сүрінді.
НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:«Извинения свои я приносил пострадавшим, принесу в будущем лично им напрямую, не на камеру»
Қоғамға көп талқыға түскені оның кешірімінен бұрын, әскери нысандағы салғырттықты табиғи нәрсе дегені. Естественно деген сөзді аудара алмай, бүкіл қазақ қоғамын кінәлады.
НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:»Мен өзім орыс мектебін бітіргенмін. 1 кластан 10 класқа дейін. Шымкентте. Сондықтан мен қазақ тілін мүлтіксіз білемін деп айта алмаймын. Елімізде қазақша жақсы білетін қанша адам, бәрі табиғи деген сөзді айта алмады. Сөздіктен қарасаңыз табиғи деген сөз естественно деп жазылған».
Ермекбаев қалай ақталса да, Президент қорғаныс саласындағы барлық мәселеге ең бірінші министрдің жауапты екенін айтты. Кемшілік көп, бақылау дұрыс жасалмаған.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:»Я как Верховный главнокомандующий, выражаю неудовлетворение положением дел в Минобороны. Поэтому объявляю вам строгий выговор»
Арыс оқиғасы үшін тек Қорғаныс министрі ғана жазаланбайды. Бірқатар шенеунікке де тықыр таянды. Қазір тексеріс жүруде. Әскери нысанның жанынан үй салуға жер бергені үшін талай адам жауапқа тартылады, деп ескертті Президент.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:»Барлық кінәлілер, оның ішінде мемлекеттің және азаматтық қызметкерлерде тиісті жазасын алатын болады. Өте қауіпті жерге баспана тұрғызуға рұқсат берілмеу керек еді. 10 тамызға дейін ақ қарасын анықтап беріңіздер. Жұмыс тобының қорытындысынан кейін Президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесі тиісті ұсыныстар енгізуі керек.
Сондай-ақ, Арыста тұратын 45 мыңға жуық адамға осы айдың соңына дейін өтемақы беріледі. Түркістан облысының әкімі Президентті осылай сендірді.
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:»Арыста әрбір тұрғанға Үкіметтің шешімімен, сіздің тапсырмаңызбен 100 мың теңге өтемақы төлеу бойынша барлық құжат дайындалды. Енді халық банкпен келісіп, әр азаматқа карточка ашып , осы айдың аяғына дейін төлемдерді төлеп бітіреміз».
Қорғаныс министрлігінің дерегінше, қазір Арыстағы әскери нысаннан 28 мың тонна оқ-дәрі шығарылмақ. Ол шамамен 817 вагон екен. 7 мыңдай тұрғын үйге жөндеу жұмысы жүргізіледі. 159 нысан бұзылып, тайқа салынбақ. Айта кетейік, Арыс оиқғасы кезінде 3 адам қаза тапты, оның екеуі әскери қызметкер, біреуі қала тұрғыны.