Қайын жұртын қырды деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке адвокат қайырымдылық жасап жатыр

Атырау облысында қайын атасы мен енесін, әйелінің ағасы мен әпкесін өлтіргенін мойындаған аты шулы Сұлтан Сәрсемәлиевке адвокат Асан Жұмабаев тегін көмек көмектесіп, қайырымдылық танытып жүр екен. Бұл туралы қорғаушы журналистерге берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, кез-келген айыпталушы адвокаттың көмегіне жүгінуге құқы бар. Ал қорғаушы Асан Жұмабаев сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті әлеуметтік тұрғыда тегін қорғап жүргенін мәлімдеді.
Индонезиядан ұсталып, елге жеткізілген күдікті Сұлтан Сәрсәмәлиев алғашқы сот отырысында қайын жұртын өз қолымен өлтіргенін мойындаған еді. Қанды қылмысқа баруына әйелінің туыстары ерлі-зайыптылардың арасына түскені себеп болды деп ақталды.
Алайда ол келіншегінің әке-шешесі мен бауырларын көміп тастап, олардың нөмірлерін қолданып, ватсап арқылы қайын атасының малын сатқан. Тіпті, марқұмдардың зейнетақыларын алып жүрген.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангеллин ауылындағы оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді.
А. Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз




