Басты жаңалықтарСаясатТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жауынгерлік Ту табысталды

Шымкент қаласында аумақтық қорғаныс бригадасына Жауынгерлік туды тапсыру рәсіміне арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты рәсімге Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев, Шымкент гарнизоны әскери бөлімдерінің жеке құрамы, ардагерлер ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов гарнизонның жеке құрамымен амандасып, Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың грамотасының мәтінін оқыды.
Әскери жәдігерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың қолынан 50120 әскери бөлімінің командирі полковник Ержан Сартбаев қабылдады.
Әскери қызметшілерді құттықтай отырып, Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Жауынгерлік ту әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың жауынгерлік дәстүрлері мен қасиетті борышын еске салатынын атап өтті.
– Қазақстан армиясы ел егемендігін күзетуде. Бүгін тағы бір әскери бөлім өзінің негізгі жәдігерін тапты. Осы тудың астында азаматтар Отанымызды және ел тәуелсіздігін қорғайды. Ар-намысты, абырой мен даңқты бейнелейтін бұл әскери символ әрқашан биікте желбіресін, – деді ол.
Іс-шара гарнизон жеке құрамының салтанатты маршымен және естелік суретке түсумен аяқталды.
Естеріңізге сала кетсек, Жауынгерлік Ту ел Президентінің атынан әскери бөлімдерге беріледі. Бұл Қарулы күштерге қатыстылығын, әскери бөлімнің даңқын, әскери қызметшілердің ерлігі мен батылдығын білдіреді. Ту ерекше салтанатты жағдайда, атап айтқанда әскери ант берген күндері, әскери бөлім күні және жеке құрамға қару-жарақ пен әскери техниканы тапсырған кезде шығарылады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button