Басты жаңалықтарСаясат

Шенеуніктер жалаңаш қалуы мүмкін (видео)

Егер үстеріңіздегі шетелдік киімді шешіп алсақ, тыр жалаңаш қаласыңдар! Осы күнге дейін отандық өндіріске немқұрайлы қарап келген Үкіметтің жұмысын Президент осылай сынады жуырдағы Жолдауда. Елбасының сөзіне көз жеткізу үшін біздің тілшілер министрлер кабинетінің мүшелерінің қандай костюм киіп жүргенін зерттеп көрді. Артур Мағзомовтың сюжетінде.

Ет-сүт өнімдерін аларда отандық тауарды іздейміз. Қолдың сүті, өз жерімізде жайылған малдың етін жегіміз келеді. Ал киім-кешек, тұрмыстық техникаға келгенде шетелдің затын алуға, танымал брендке құмармыз.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Сіздердің үстеріңізге киген шетелдік костюмдеріңізді шешіп алсақ, жалаңаш қаласыңдар. Біздің елімізде де сапалы киім шығара алады. Мен өзім тек отандық өнімді қолданамын. Сапалы әрі он есе арзан. Өзімізді қолдау керек!»

Егер жоғарыдан бұйрық келіп, шенеуніктерді шешіндіріп алатын болсақ, Ерлан Сағадиевтен басқасы жалаңаш қалуы мүмкін. Білім саласындағы реформалармен басы қатып жүрсе де бас мұғалім отандық костюмді киеді екен.

ЕРЛАН САҒАДИЕВ – ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: «Міне, отындық костьюм.  Алматыда жасалған».

Отандық өнімді қолдауға бөлінген қаржы, ел экономикасының ахуалын Ерболат Досаевтен артық ешкім білмейтін шығар. Қанша жылдан бері Үкіметтің айналасында жүр. Бірақ гардеробында бірде бір отандық киім жоқ екен.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:»Импорт, отандық киімді әлі алған жоқпын»

ДӘУРЕН АБАЕВ – АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:»Кейбір кезде елден аламыз, кейбірде шетелге командировкаға барғанда аламыз. Енді Елбасы айтқаннан кейін біздің өндірушілерге көңіл бөле бастаймыз».

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:»Мен осы жерде тігемін Астанада. Императорский дом бар ғой, сол жерде»

Нұрсұлтан Мағзомов бизнес саласы бойынша шетелде білімін шыңдапты. Жат жерде жүріп өзге жұрттың киім үлгісіндегі талғамын байқаған. Елге келген соң дәл сондай отандық бренд тауарын шығаруға бел буған. Қазір Қазақстан бойынша 10 бутигі бар. Тіпті Ресейденде ашыпты.

НҰРСҰЛТАН МАҒЗОМОВ – КӘСІПКЕР :» Мәскеуден келген кезде импорттық костьюмдердің қымбат екенін байқадық. Ал арзан бағадағы киім ұнамады. Содан соң осыны неге өзіміз тігіп алмаймыз деген ой келді. Басында он шақтысын тігіп киіп алған кезде қызыққандар, сұрай бастағандар көбейді».

Солардың біріне біз де барып көрдік. Костюмдердің бағасы 75 мың теңгеден басталады. Себебі, елде тігілгенімен, материал сырттан келеді. Мына тауардың бәрі отандық өнім екен.

АРТУР МАҒЗОМОВ – ТІЛШІ:»Міне, киініп шықтым. Үстімедегінің бәрі отандық өнім. Мына костюм 99 мың, көйлек 11 мың. Белбеу 12 мың, галстук 9 мыңнан басталады. Сонда түтас киініп шығу үшін 130 мың теңгеден аса қаржы кетеді. Егер аяқ киім алсаңыз, туфлилер 37 мың теңдеген тұр. Есептей беріңіз».

Тек қана шенеуніктерден емес, қараша халықтан да сұрап көрдік.

«По мне я больше люблю классику. Мен негізі классиканы ұнатамын.  Ал, қазақстандағы дизайнерлердің киім сапасы төмен. Бағасы жоғары».
«Шетелдікін алсан басқаша да все равно, өнім қымбат болып келеді. Ал қазақстанский матасы қымбат болса да, қолға тиімді».
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:»Вот ваш покорный слуга сидит в костюме казахстанского производства. Могу вам показать: вот, казахстанская легкая промышленность. И туфли у меня казахстанские, вот видите, я – полная реклама для нашей легкой промышленности»

Президент биыл ғана емес, бұған дейін де көтеріп жүр. Бірақ Жолдауда айтылмаған соң, Үкіметтегілер аса назар аудармаған сияқты. Енді нақты тапсырма берілді. Алдағы үш жылда өңдеу өнеркәсібі мен мен шикізаттық емес экспортты қолдау үшін қосымша 500 млрд теңге бөлінбек.

 

Басқа материалдар

Back to top button