Басты жаңалықтарВидеоҚоғам
«ҚТЖ-ның президенті кім ол соншама»
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин осылай деп «ҚТЖ-ның» президенті Нұрлан Сауранбаевқа шүйлікті. Еліміздің көлік инфрақұрылымы, оның ішінде теміржол саласының мәселелерін көтерген жиында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты депутаттар тарапынан сұрақ көп болды. Вокзалдардың ескіргені, темір жол мамандарының адам төзгісіз жағдайда еңбек етіп жүргені, вагондардың жайы күйі, билет мәселесі қаралды. Осы компанияның айналасындағы жемқорлық, басшылардың тым жоғары жалақы алатыны да сөз болды. Алайда Мәжілістегі қызыл кеңірдек айтыс-тартысқа «ҚТЖ» президенті келмей, орынбасарларын жібере салыпты. Оның бұл әрекетіне депутаттар аттай тулап, неге келмейді, «кім сол соншама» деп ашуға булықты.
А.Нәби
ФОТО: Ашық дереккөз