Астана әкімдігінің айналасынан шу шықты

Қала басшысы Әсет Исекешевтің бірінші орынбасары Сергей Хорошун тергеліп жатыр. Бұған дейін ол еліміздегі құрылыс компанияларынының бірінің басшысынан пара алған деген ақпарат тарап, желдей ескен еді. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин жемқорлыққа қатысты күдікке іліккен Хорошуннің үстінен тексеріс басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.

Сергей Хорошун деген шенеунік осы. 2006 жылдан бері тапжылмастан Астана әкімінің бірінші орынбасары болып келеді. Қанша басшы ауысса да Хорошун мырза жылы орнын суытқан емес. Көбіне коммуналдық қызмет, құрылыстың айналасындағы дау-дамайдың ортасында жүреді. Алайда шілде айы туғалы Сергей Хорошунға қатысты түрлі сыбыс желдей есті. Құрылыс компанияларының басшыларынан пара алған деген ақпарат шыққан бойда Астана күнін тойлап жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің басшыларына да сауал қойған едіек. Аайда, ол кезде Алик Шпекбаев бұл жалған ақпарат деп айта алмады.

АЛИК ШПЕКБАЕВ – ҚР МҚІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Мен ештеме айта алмаймын. Іс сапардан келдім. Ақпарат аласыздар».

Ал бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты мәліметті растады. Шыныменде сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Ол құрылыс компанияларының басшыларымен сыбайласқан деген арыз түскен.

НҰРЛАН ЖАХИН – ҚР МҚІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:»Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Машуровтың арызы бойынша Астана қаласы әкімі орынбасарының құқыққа қарсы қайшы әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Арызда Машуров Тамыр инвест групп құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Хорошунга қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғандығы көрсетілген. Қазіргі таңда барлығы тексерілуде. Қылмыстық іс жүргізілуде».

Сыбайлас деректері бойынша тергеу басталғанымен Сергей Хорошун әлі қызметінде. Елордалықтар үшін тер төгіп, еңбектен қол үзе алмай жатыр. Тіпті, талай ел басшылығының алдында сөйлеп, Астананың дамуы жайлы есеп беріп жүр.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*