Басты жаңалықтарСаясат

Қытайға барған қазақ министрлері сэлфи жасап серпіліп қалды

Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қытайға барған министрлер салтанатты рәсім кезінде сэлфи жасап оңып қалды. Әсіресе, елде  Үкімет пен Парламент ортасында алашапқын болып жүретін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ұялы телефонына олай да бұлай түсті.

«Астана»халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов пен инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекте мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Тек «KADEX» көрмесі кезінде баннер құлап қайтыс болған адамның «өзі кінәлі» деген мәлімдеме жасап, аузынан «авария» болған қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қана көңілсіздеу, өте салмақты тұрды.

 

Қытайға мемлекеттік сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екі жақты тоғыз келісім құжатына қол қойды.

 

Басқа материалдар

Back to top button