Елімізде коронавируспен күреске 41 млрд теңге бөлінген

Қаржы министрлігі «Atameken business» арнасының резервтегі ақшаның есеп-қисабына қатысты жолдаған ресми сауалына осындай жауап қайтарды.

41 млрд теңгенің жартысынан көбі, яғни 23,5 млрд-ды эпидемиямен негізгі күресуші — Денсаулық сақтау министрлігіне берілген. Соның ішінде: 21,4 млрд теңге аймақтарға трансферт есебінде жіберілсе, 1,6 млрд теңге дәрігерлер мен медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабықтармен қамтуға, 38 млн теңге маска-қолғап алуға, 428,2 млн теңге тепловизор мен реагенттерге, ал 310 млн теңге жедел-жәрдем көліктерін жабдықтауға жұмсалыпты. 41 млрд теңгенің өзге жартысы Қорғаныс пен Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қорғануына беріліпті.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*