Тоқаевтың суреті казиноның жарнамасында жүр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті казино жарнамасында пайдаланылған. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осы жағдайға қатысты түсініктеме, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Маған бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан әлеуметтік желіде жүрген онлайн-казино жарнамасына қатысты хабарлар түсіп жатыр. Оның ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті жүр. Мемлекет басшысының ол жарнамаға ешбір қатысы жоқ екенін, суреті заңсыз пайдаланылғанын ресми түрде мәлімдеймін», — деп жазды Уәли.
Оның сөзіне қарағанда, бұл — фейк жарнама. Ондай материалдар желі қолданушыларын жаңылыстырып, мемлекет басшысының мәртебесіне кері әсерін тигізіп отыр.
«Құқық қорғау органдары жарнама берушілерді және олардың жауапкершілігін анықтайды деп сенемін. Ал әлеуметтік желілерді коммерциялық материалдарды жариялағанда сақ болып, адамдардың фотосын және басқа да суреттерді заңсыз қолдану әрекеттеріне жол бермеуге шақырамын», — деп атап көрсетті Уәли.
Айта кетейік, бұған дейін желіде президенттің фейк аккаунттары тараған болатын. Осыған байланысты Берік Уәли мемлекет басшысының тек екі аккаунты бар екенін айтқан. Олар: Twitter-дегі @TokayevKZ (2011 жылы ашылған) және Instagram–дағы tokayev_online (2019 жылы сәуірде ашылған).