ӘлемБасты жаңалықтарҚоғам

Армениядан келген көліктер жол жүру ережесін өрескел бұзса да, жауапқа тартылмайды

Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов қазақстандықтар армениялық көлікті қалай сатып алатынын айтты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Қазақстан азаматтары Арменияда уақытша тіркеуге тұрып, көлік сатып алады. Ондағы көліктер 2 есе арзан.

Вице-министр Аманияз Ержановтің сөзінше, Армениядан келген көліктер елімізде жол жүру ережесін өрескел бұзса да, жауапқа тартылмайды екен.

«Менің білуімше, АҚШ-тан Арменияға 60-мың көлік жеткізілген. Көліктер бұл елдің аумағына өте төмен кедендік баж салығымен әкелінеді. Енді автокөліктер біздің мемлекетке сатылып жатыр. Бұл отандық өндіріске әсерін тигізуде. Азаматтарымыз Арменияда уақытша тіркеуге тұрып, көлікті сатып алады. Ондағы көліктер 2 есе арзан «, — деді Аманияз Ержанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл автокөліктер елімізде тіркеуде тұрмағандықтан, иесі жол ережесін бұзса да, жауапкершілікке тартылмайды.

«Азаматтар көліктің жылдамдығын арттырып, жол ережесін жиі бұзады, әрі сол үшін жауап бермейді. Айыппұл төлемейді, сотқа шақырылмайды. Осындай қиындық туғызатындықтан қазір ішкі істер министрлігімен бірге шара қолданып жатырмыз. Бірақ бұл біздің азаматтарға зиянын тигізбеуі керек», — деді вице-министр.

Сонымен қатар Аманияз Ержанов бұл отандық жеңіл көлік өндірісін қорғау үшін жасалып жатқан шара екенін атап өтті.

 

Басқа материалдар

Back to top button