Басты жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин симптомсыз коронавирусқа шалдықты

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирусқа байланысты оқшауланды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Нұрлан Зайроллаұлы бұған дейін де қашықтан жұмыс істеп, ешкіммен байланысқа түспеген екен. Алайда, 9 және 11 маусым күндері Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесіп, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің Сенаттан қайтарылуын талқылапты.

«Елжан Біртановтан коронавирус анықталуына байланысты Нұрлан Нығматулин 16 маусым күні тест тапсырды. Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті. Бірақ Мәжіліс төрағасының диагнозы – симптомсыз коронавирус», — делінген аталған хабарламада».

Қазіргі таңда Н.Нығматулин оқшауланып, жұмысын қашықтан жүргізіп жатыр. 17 маусымға жоспарланған алқа отырысын оның орынбасары жүргізетін болады.

Басқа материалдар

Back to top button