Басты жаңалықтарВидеоМәдениет

БАҒЛАН ӘБДІРАЙЫМОВ АСТЫНДАҒЫ КӨЛІГІН СЫЙЛАДЫ (ВИДЕО)

Бағлан Әбдірайымов астындағы көлігін екі аяғы жоқ азаматқа тарту етті. Жақсылығын эстрада жұлдызы жеке парақшасына жүктеді.  Онда Нұржан есімді көпбалалы әкенің шаңырағына арнайы барғаны көрсетілген. Екі жыл бұрын өкшесінен басталған дерт, отағасын осындай күйге түсіріпті. «Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді» деген өнер өкілі осылайша оған үш жыл мінген тұлпарын сыйға тартты. Сөйтсе экстрада жұлдызы бұл арқылы өз арманын да орындаған екен.

«Жаңа көлік алып, міне сыйлаймыз деп отқан кезде амал айтып келмейді, әкем бақилық мәңгілік сапарына кетті. Сол жасамаған жақсылықты мен бір азаматтарға жасасам деген ой болған. Екі-үш жылдан бері мініп жүрген қара көлігім бар, осы көлікті шынайы, риясыз көңілменен Нұреке қолыңызға табыстайын. Тұлпарыңыз құтты болсын!» деді Бағлан Әбдірайымов.

Тосын-сыйды күтпеген азамат көз жасына ерік берді. Оны жұбатқан әнші артынша төрт баласы мен жұбайына алғыс білдіріп, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, кез-келген қуанышта қызмет қылуға дайын екенін жеткізді.

 

Ж.Арғын

Видео baglan_abdraimov_official парақшасынан алынды

Басқа материалдар

Back to top button