Басты жаңалықтарҚоғамТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Су басқан аймаққа Түркістан облысынан 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға түркістандықтар көмек көрсетіп жатыр. Алғашқы күннің өзінде мәслихат депутаттары мен жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттарды жинақтап, бірінші жүк көлігін Ақтөбеге жеткізген болатын. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

Бүгін Түркістан облысынан гуманитарлық көмек тиелген екінші керуен жолға шықты. Оның ішінде 30 тоннаға жуық зат бар. Басым бөлігі азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек секілді күнделікті тұрмысқа қажетті заттар.

Гуманитарлық керуенді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев шығарып салды. Ол игі іске үлес қосқан Түркістан өңірінің жұртшылығына, жастарына, кәсіпкерлеріне ризашылығын білдіріп, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

қайырымдылық
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Қазір Ақтөбе өңірінде Түркістан облысынан барған 5 ерікті жас апат аймағында жұмыс істеп жатыр.

волонтер
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бүгін қосымша 10 белсенді жас аттанды. Олар апатты қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсететін болады.

еріктілер
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Айта кетейік, еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында 27 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штаб іске қосылған болатын. Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында штабтар ашылып, тұрғындардың көмектерін қабылдауда.

Басқа материалдар

Back to top button