Басты жаңалықтарҚоғам

Жаңа «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кезегі мәселелесін шешу үшін, «5-10-20» жаңа несиелік жобасын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды jurnslist.kz informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы шаралар аясында 390 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу көзделуде.

«Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру маңызды. Бұл үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Ол үшін құрылымды жаңғырту керек. Үкіметтегілер «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі негізінде «Отбасы банк» даму және қолдау институтын құруы керек. Елбасының «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиелендіру мен тұрғын үй құрылысына үлкен септігін тигізді. Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін жаңа «5-10-20″ тұрғын үй несиесін жүзеге асыруды тапсырамын. Ол үшін 390 миллиард теңге бөлеміз», – деді Президент.

Үкімет жыл соңына дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде «Отбасы банк» атты тұрғын үйді орталықтандырып есепке алатын және тарататын толыққанды даму және қолдау институтын құруы керек. Сол арқылы қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында пайдаланатын болады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді.

Басқа материалдар

Back to top button