Басты жаңалықтарҚоғам

Батысқазақстандық полицей жұртты жайпады

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Тасқала ауданында болған. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.  Полиция қызметкері тал түсте жұрттың көзінше ер адамды ұрып-соққан.

Форма киген жігіт айналасындағыларға мінез көрсетіп қоймай, бір жігітті күштеп көлікке кіргізсе, видеоға түсіргендерге де күш қолданған.

Жергілікті басылым қазір облыстық Ішкі істер департаментіне хабарласып, жуан жұдырық полиция қызметкерінің кім екенін, неліктен қол жұмсағанын түсіндіріп беруді сұраған.

Биыл, батысқазақстандық полицейлер бей әдеп қылықтарымен  облыстың атын шығарып жүр. Жуырда жергілікті тәртіп сақшыларының бірі жалаңаш суретімен танылып, қызметінен кеткен болатын. (видео)

Басқа материалдар

Back to top button