АЙМАҚҚоғамӨҢІРЛЕРТеректі ауданы

Қос ауылға ауыз су жеткізілді

БҚО Теректі ауданының елдімекендерінде су құбыры іске қосылды.  Бұл туралы «Теректі жаңалығы» газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Осыдан бір ай бұрын ғана  «Ақбұлақ»  бағдарламасымен кЮбилейный ауылына су құбыры тартылған болатын. Енді іргелес жатырған қос ауыл -Жаңа Өмір мен Ұзынкөлге келді.

Жалпы, аудан бойынша ауыз су тартуға 1 564 млн. 650 мың теңге бөлінген. Биыл тұрғыны 6 мыңнан асатын 6 ауылды сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңартуға 1271,0 млн.теңге (126,077 км) қаралды.
Құбырмен әр үйдің ауласына жеткізілген «Ақбұлақтың» рахатын көреміз деп қуанған ұзынкөлдіктерді құттықтаған аудан әкімі Әділ Жоламанов:- Күні кеше өңірге жұмыс сапарымен келген Президент Қасым Жомарт Тоқаев 2020 жылға дейін елді мекендерді таза ауыз сумен қамтуды 85% жеткізуді тапсырды. Біз бұл тапсырманы орындауға кірісіп те кеттік,-деген Әділ Тауфиқұлы жыл соңына дейін тағы да осындай 4 нысан іске қосылады, деп қуантты.
Құрылысқа қаралған 127 млн 940 мың теңгені тиімді игеріп, сапалы жұмыс атқарған «КазКурылысСервис» ЖШС ұжымына аудан басшысы алғысын айтты.
Осы ауылдың тұрғыны, еңбек ардагері Евгений Ковалёв – «Ақбұлақтың» игілігіне қол жеткізгеніне қуанышты.
Жаңа Өмір ауылына 345 млн 388 мың теңге жұмсалған. Барлығы 790 тұрғын үйге су құбыры тартылып, іске қосылды. Ауыл тұрғыны Күләш Қаратаева аудан әкіміне және мердігер «АльфаСервисСтрой» ЖШС басшылыға алғыс білдіріп, тілегін жеткізді. Аудан әкімі Әділ Жоламанов Жаңа Өмір ауылының тұрғыны Асқар Ислямғалиевтің шаңырағында болды.

Үміткер ОРЫНҒАЛИЕВ

Басқа материалдар

Back to top button