Басты жаңалықтарСаясат
«Гүлшара Әбдіхалықова ханның қызы ма?» (Видео)
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға ашуланған жергілікті тұрғынның видеосы тарады. Бейнежазбада облыс әкімінің бір нысандарды аралауына байланысты қоғамдық көліктерді жүргізбей, көшені жауып тастағаны айтылған. Жаяу жүріп шаршаған тұрғындардың бірі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып осы мәселені көтергенімен, әкім ашулы тұрғындармен тілдесіп, мән-жайды түсіндіріп жарытпады. «Мен жолды жаптырған жоқпын» деп қысқа қайырды да, жүйткіген сүліктей қара машинасына мініп кетті. Қызылордалықтар «бұл ханның қызы ма» деп қала барды…
А.Орынғали