Басты жаңалықтарҚоғам

Дизель отынының тапшылығын «ҚазМұнайГаз» мойнына алды

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Оның сөзінше, жуырда күрделі жөндеуден өткен Павлодар мұнай химия  зауытындағы бір құрылғы істен шыққан. Салдарынан айына 150 мың тонна  дизель отынын шығарады деп жоспарланған зауыт қазір бар-жоғы 25 мың тонна өндіріп жатқан көрінеді. Осы тапшылықтың орынын толтыру үшін Қазақстан енді Ресейден дизель отынында сатып алады. Бірақ баға айырмашылығына байланысты шығынды «ҚазМұнайГаз» көтереді.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Екі күн бұрын Қазмұнайгазбен» бірлесіп жиналыс өткіздік. Енді олар қажетті дизель отынын Ресейден импорттау туралы шешім қабылдады. Халықтың қалтасына салмақ түспей үшін, шығынды «ҚазМұнайГаз»  көтеретін болады».

Айта кету керек, Батыс Қазаұстан облысында қысқы сұйық отынның бағасы литріне 219 теңгеге жетіп, жаңа рекорд орнатты. Ал жөндеуден шыққан зауыттағы жабдықтардың істен шығуына байланысты Энергетика министрінен сын естіген Павлодар мұнай химия зауытының басшысы Шухрат Данбай жұмыстан кеткен болатын.

Басқа материалдар

Back to top button