Басты жаңалықтарСаясат

Санаулы минуттан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы басталады

9 маусымда Қазақстан президентінің сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгін  ұлықтау рәсімі болады. Салтанатты сәт Нұр-сұлтан қаласында Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Қазақстан халқына ант беріп, Президенттің куәлігі тапсырылған соң Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің жаңа басшысы ретінде ресми түрде қызметіне кіріседі.

Бүгінгі 12 маусымдағы инаугурация — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алтыншы ұлықтау рәсімі.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Ол кезде салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен болатын.

 

Басқа материалдар

Back to top button