Басты жаңалықтарҚоғам

 Туристерден  сақ болыңыз!

Қазақстанды көреміз келіп жатқан шетелдік қонақтардың арасында жалған ақша жасайтын алаяқтар, контрабандашылар, неше түрлі қылмыскер бар.  Сенат депутаттарының дерегінше,   Қазіргі таңда   1278 шетел азаматы Қазақстанда жүріп сотталған.  Ал 3056 қазақстандық жат жерде жүріп істі болған.

2016 жылдың өзінде Қазақстанға әлемнің 170 елінен  6,5 млн қонақ келген. Тиісінше 10 млн-ға жуық  қазақстандық шартарапқа саяхат жасапты. Бас прокуратура берген дерек бойынша, тек биылдың өзінде елімізге келіп тентектік жасаған 85 шетелдік отанына қайтарылған.

Соңғы 5 жылдың өзінде еліміге туристік сапарды сылтауратып  келетін қой терісін жамылғандар көбейген. 2012 жылы Алматыдағы сауда орталықтарында тонаушылықпен айналысқан Иранның екі азаматы ұсталды. 2013 жылы банкоматтардан түрлі жолмен ақша жымқырып, алаяқтық әрекет жасаған Болгарияның, Грузияның және Камерундық қонақтартың қылмысы әшекере болды. Ал былтыр Шымкентте жалған ақша шығарып жүрген Нигериялық қолға түсті. Жуырда Атырау облысында қара уылдырықты контрабанда жасады деген күдікпен 2 франциялық істі болды.   Ал Алматыда екі баласын өлтіріп тоңазытқышқа салған өзбекстандықтың жантүршігерлік әрекеті заң шығарушы органның өкілдерінде ойландырса керек. Елге келген шетелдіктердің мәселесі Парламентте көтерілді.

Басқа материалдар

Back to top button