Басты жаңалықтарҚоғам
Астаналық сәбиге Бәйдібэкспо деген ат қойылды
Мұндай есім елордадағы Есіл ауданында тіркелген. Ұл бала биыл жазда дүниеге келіпті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады.
Астанадағы Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандарының Азаматтық жағдай актілерін тіркеу (АЖАТ) қызметінің статистикасы бойынша, қаңтар-қазан аралығында елордада 25 735 сәби дүниеге келген.
Жалпы, 2017 жылы Софья, Амира, Кәусар, Елдана, Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері көптеп қойылған. Сондай-ақ, еліміздегі маңызды оқиғалардың құрметіне ат қою дәстүрі де ұмытылмаған.