Түсіктен қалған биоматериал косметикаға қолданылады

Түсіктен қалған биоматериал- таза бизнестің көзіне айналған. Берісі әйелдердің терісін жасартатын косметикаға қолданылса, әрісі тіпті, тағам ретінде пайдаланылатын көрінеді. Оны мамандар да жоққа шығармайды. Кезінде Голливудтың жұлдыздарынан басталған жаңа бизнес осылайша, ТМД елдеріне көшіп, Қазақстанда да етегін кеңінен жаюда,дейді қоғам белсенділері. Алайда, министрлік, түсіктен қалған эмбриондар өртеліп, арнайы жерге көміледі, -деп сендіріп отыр. Бұл туралы «Евразиия» телеарнасы хабарлады.

Бесіктен белі шықпаған қыздарға ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат беруге байланысты шу әлі тыйылар емес. Тіпті әлеуметтік желіде бұл дүние бизнестің көзіне айналды деген алып-қашпа әңгімелер тарауда. Жұрттың пікірінше, дәл аборттан кейінгі қалған биоматериал, яғни плацента мен эмбриондар косметологияға түрлі дәрі-дәрмекке қолданылады-мыс.

ГҮЛБАНУ ӘБЕНОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:« Әрине, тақырыпқа үңілу үшін мен ғаламтордың көмегіне жүгіндім. Сонда биоматериал туралы ақпаратты көріп қалдым да жағамды ұстадым. Биоматериал кәдімгі бизнестің көзіне айналған екен. Яғни түсіктен қалған қалдықты, дәлірек айтсам эмбриондарды косметалогияда кеңінен қолданады. Крем, сабын, тағы сол сияқты қымбат заттарға. Ол үшін салмағы 500 граммға жеткен эмбриондардан бағаналы жасушаларды алады екен. Бұл тәжірибе Ресей, Украина және басқа да ТМД елдерінде кеңінен жайылған.»

Отыз жыл тәжірбиесі бар гинеколог Ғалымжан Ғабдуллинның сөзінше, бұрындары аборттан қалған биоматериалдардың барлығы арнайы пеште өртеліп, көзі жойылып келген. Десе де плацента мен эмбрионнан алынатын жасушылардың медицинаға қажеттілігін де жоққа шығармайды.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ҒАБДУЛЛИН, ГИНЕКОЛОГ: «Эмбрионның жасушалары қажет. Бірақ оларды аса стерильді жағдайларда жинап, қолдану керек. Өйткені кейін ол адамның иммунитетін жақсарту үшін қолданылады. Әрине, мұның барлығы тек науқастың рұқсатымен ғана жүзеге асады».

ГҮЛНӘЗИЯ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ: «Бұл Астана маңындағы қорымдардың бірі. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, 15-20 жыл бұрын аборттан кейін қалған жарамсыз биоматериалдардың барлығы дерлік осы жерде көміліп, өртелген. Ал бүгінде түсіктен қалған материалдар ең бірінші арнайы зертхана жеткізіледі»

АЛМАТ ҚОСАЛИЕВ, САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: «Патология –анатомиялық бюроларға жіберіледі. Ол зерттеулер жасалып болғаннан кейін, жанағы қалдықпен жұмыс жасайтын ұйымдар жанағы қалдықты алады. Қалдықты алып өздеріне сортировкаға алып барып, қалдықтарды бөледі. Мынау қалдықты жағуға болады, мынаны жағуға болмайды. Оны көму керек деп. Оның бәрі қанша қалдық келді, қаншау өртелінді оның бәрі журналда жазыланады.»

Ғаламторға кірсең болды эмбрионнан алынатын бағаналық жасушаға қатысты түрлі ақпараттарға жолығасың. Оған сенсек, төбе шашың тік тұрады. Түсіктен қалған биоматериал жасартатын кремдерге, сабындарға қосылады. Ал кей елдерде тіпті тағам ретінде де қолданады екен.

ҒАЛЫМЖАН ҒАБДУЛЛИН, ГИНЕКОЛОГ: «Бұрындары бағаналы жасуша адамды жасарту мақсатында қолданылатын. Ол батыстағы Голливудтан басталған. Әйелдер өздеріне эмбриондарды сіңіру арқылы терілерін тартып, барынша жас көрінуге талпынатын. Сондықтан, бағаналы жасушалардың пайдалы екенін жасыра алмаймыз. Оны эмбрионның жасушаларынан алады. Әрине, барлығы тек келісім арқылы заңды болса ғана.»

ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қазір бұл сұрақ өте жан-жақты талқыланып жатыр. Бұл талқылану қажет те. Мен өткенде де айттым. Ол бүкіл біздің халықпен, ата-ана, дәрігерлермен жастармен бүкіл қоғаммен талқылану керек. Өте өзекті де қажетті нәрсе. Ал интернетте жазылғандай ол бизнеске айналды, ол биоматериалға айналады дегенге мен сенбеймін.»

Бұл ретте жаңа бір проблема ушықпаса игі еді. Өйткені мамандар, жаңа бизнеспен бірге ақшаның соңынан еріп оңды-солды түсік жасатқан қыздар мен оған итермелейтін заңсыз топтар пайда болмаса екен деп дабыл қағуда.

Пікір жазу

email адресіңіз жарияланбайды *

*