Арыстағы апатта толғақ қысқан келіншек аман-есен босанды
Бастарын қатерге тігіп, ай күні жетіп отырған жас ананы босандырып алған мұғалімдер марапатталды. Олар Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қарамастан 22 жастағы келіншекті далада қалдырмай, көліктеріне мінгізіп жақын маңдағы ауылға жеткізген. Арыстағы жарылыс кезінде 40 шақырым жерді жаяу жүруге мәжбүр болған жүкті келіншек туралы «Евразия» телеарнасы хабарлады.
24-маусым Кенжегүлдің есінде мәңгіге қалатыны сөзсіз. Ай-күні жақындап, толғағы қысқан жас келіншек енесімен бірге Арыс қаласының перзентханасына келген. Дәрігерлер оны қабылдап, ем-домын жасамақ болған. Алайда, кенет қала көк түтінге айналып, іште жүрген адамдардың барлығы жан-жаққа қашқан. Үрейі ұшқан Кенжегүл кімге, қайда барарын білмей сыртқа қарай жүгіріп шыққанын айтады.
КЕНЖЕГҮЛ БЕКАСЫЛ, ЖАС АНА:» Шыққанымыз сол еді жер сілкінісі басталды. Сыртта ешқандай көлік жоқ. Реанимациядағы жаңадан босанған келіншектерді алып шығып жатты. Әскери адамдар сыртқа қарай қашыңдар деп айтты. Анам, мен акушеркам үшеміз адамдар кетіп бара жатқан жерге қарай жүріп кеттік».
Осылайша әбден шарасыз күйге түскен келіншек аяқтары қансыраса да 40 шақырым жерде орналасқан ауылға дейін жаяу барады. Әбден жаны қысылған Кенжегүлді жол-жөнекей көлікпен өтіп бара жатқан білім және ғылым министрлігінің мамандары кезігіп аман қалады.
КЕНЖЕГҮЛ БЕКАСЫЛ, ЖАС АНА:»Жан-жақ түтін, өрт біз жолды білмедік. Адасып Ақтас деген жерге келдік. +0236 Сол ауылдағы Ақтастағы үй иесі Гүлмираға шексіз алғысымды білдерімн. Үйіме кіргізіп, акушеркам, Балбөпеге рахметімді айтамын. Сол екі кісі мені босандырып алды».
Қазір Кенжегүлдің де қызының да жағдайы бір қалыпты. 4 келі 200 грам болып туылған нәрсетеге Кәмиллә деген есім берген. Жас ананың айтуынша, қызының өмірге аман-есен келуіне мұрындық болған көлік жүргізушісінің анасының есімін әдейі ырымдап қойыпты.
АҚБОЛҒАН ШАЙЖАНОВА, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:»Келген кезде жағдайы өте ауыр. Стрессте, қорыққан. Сондай жылайды, еш жерін көрсеткісі келмейді. Үйде туғаннан кейін, жынысы жолдарын көріп, соны осмотр жасадық. Өзіне келтіріп барып, өзіне көмек көрсеттік. Қабылдап алдық. Өзіне келіп қалды».
Ал Арыстағы келіншекке дер кезінде көмек беріп, жанынан табылған білім және ғылым министрлігінің мамандары осы. Балбөпе Өтенова, Жанат Нұржұманова, Шайза Доскеева. Олар Түркістан облысына арнайы Ұлттық біріңғай тестілеуді бақылау үшін жіберілген екен. Айтуыларынша, жарылыс басталғанда олардың зәре-құты қашқаны сонша, жақындарына хабарласып, қоштасып үлгеріпті. Ал жүкті келіншекті көргенде, оны тастап кете алмаған.
БАЛБӨПЕ ӨТЕНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:«Баланың салмағы үлкен екен. Көпке дейін босана алмай қалды. Және кіндігі мойнына оралған екен. +0801- Барған бойда біз үйге жақын маңда аурухана болса, скорый шақырыңыздар дедік. Оған дейін біз өзіміз, сосын сағат 12:58- де қыз бала дүниеге келді.»
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:«Келіншекке көмек көрсетіп, саспай, адамгершілік көрсетіп, нәрестенің дүниеге келуіне себепкер болып, кіндік шеше атанып отыр. Сіздерге жалпы білім және ғылым министрлігінің атынан алғыс айтқым келеді. Бұл шын мәнінде үлкен ерлік»
Осылайша ерлік жасаған үш ұстаз арнайы құрмет грамотасымен марапаталды. Ал көрер жарығы бар Кәмиллә анасымен бірге бүгін перзентханадан шығарылды.