Басты жаңалықтарҚоғамМәдениет

Жанар Айжановаға «немереңді бандиттер өлтіріп кетсін» деген қарғыс айтыпты (видео)

Атышулы Хасанмен суретке түскен Жанар Айжанова осы фотоның басына бәле болғанын айтты. Әнші Талғардағы «бандиттердің жетекшісі» деп саналған жігітпен қашан түскенін де білмейді. Алайда қоғамда қызу талқыға түсіп жатқанына ашуланды. Тіпті бір келіншек «сенің немереңді де бандиттер өлтіріп кетсін деп қарғады», дейді өнер жұлдызы.

Өзін талқыға салып жатқан әнші «Хасанның қол-аяғын маған байлап алып келіңдер, мен Талғарға жақын тұрамын» деп елге сәлем жолдады.

Ел-жұртқа өкпелеген әнші бейне үндеуінде халыққа «сендер, алып келіңдер» деп бұйыра  сөйледі.

А.Нәби

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button