Ұландықтар арасында үздік әдіскерге байқауы басталды
ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде үздік әдіскерді анықтауға арналған байқау-конкурсының I кезеңі басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау-конкурс шеңберінде барлығы 8 номинация бойынша үздіктер анықталады: «Үздік әдіскер – батальонның (дивизионның) командирі», «Үздік әдіскер — штаб бастығы, батальон (дивизион) командирінің орынбасары», «Үздік әдіскер — батальон (дивизион) командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары», «үздік әдіскер – ротаның (батареяның) командирі», «үздік әдіскер — рота командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары», «үздік әдіскер – взвод командирі», «Үздік әдіскер – взвод сержанты – жауынгерлік дайындық жөніндегі нұсқаушысы» және «үздік әдіскер – бөлімше (есеп) командирі».
Іс-шараның негізгі мақсаты озық тәжірибені насихаттау және роталық буын офицерлерінің имиджін көтеру, сондай-ақ олардың жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу бойынша кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Конкурс барысында қатысушылар мемлекеттік-құқықтық дайындық, жалпы әскери жарғылар, қызметтік-жауынгерлік қолданыс тактикасы бойынша сынақтардан өтеді, сондай-ақ атыс және дене шынықтыру даярлығынан нормативтерді орындайды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарды бригада басқармасының неғұрлым тәжірибелі офицерлері арасынан іріктелген комиссия мүшелері анықтайды.
Байқау-конкурстың қорытындысы жуырда шығарылады, онда үздіктер 6506 әскери бөлім командирінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Алдағы уақытта олар ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін конкурстың екінші кезеңінде бригаданың атынан қатысады.