СпортТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жетісайда жекпе жек спортынан жарыс өтті

Жетісай қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде жекпе-жек спортынан Орталық Азия мен Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Байрақты бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 18 жастан асқан 70 спортшы қатысты.
Жарыстың мақсаты — халық арасында қазақтың жекпе-жек спорт өнерін кеңінен насихаттау, әлемдік деңгейде мәртебесін көтеру. Сайыста ерлер 9 салмақ дәрежесінде, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады. Жарыстың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Әскери-жауынгерлік өнерімен қоса спорттың барлық түрлерін бір ортаға тоғыстырған чемпионатта командалық есепте жүлделі ІІІ орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленсе, ІІ орынға Абай облысының құрамасы табан тіреді. Ал, жүлделі І орын Түркістан облысының құрамасына бұйырып, жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздар арнайы белбеулермен, жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен, демеушілер есебінен арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бану Ерсайын

Басқа материалдар

Back to top button