Басты жаңалықтарБілімВидеоТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

МҰҒАЛІМДЕР ҚУАНЫП ЖАТЫР

Ауыл-аймақты сапалы интернетпен қамту бағытында өңірлерде қарқынды жұмыс басталды. Нәтижесінде ғаламтордың жылдамдығы артып, ауыл мен қала арасында байланыс біршама жақсарып қалды. Әсіресе мұғалімдер қатты қиналып жүрген еді. Осы олқылықтарды жою мақсатында Түркістан облысындағы мектептерде пилоттық жоба ретінде Старлинк спутниктік интернет желісі қосылып жатыр. Қазірдің өзінде шалғайда орналасқан 330 білім беру ошағының 203-не арнайы құрылғылар орналытылыпты. Бұл туралы «Евразия» телеарнасы көрсетті.

«Жалпы, мынау 330 мектепте интернет жылдамдығы секудына 20 мегабиттен төмен тұғын. Қазір сынау орнатылып жатқан стралинг арқасында 200 мегабит жылдамдығы күшейіп отыр»,-дейді облыс әкімдігі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов.

Бұл жұмыстарға бюджеттен 498 млн теңге бөлінген. Енді жауаптылардың сөзіне сенер болсақ, сәуір айының соңына дейін облыста шет жақта жатқан ауыл мектептерінің барлығы жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылады дейді. Ал, қазір ғаламторы нашар білім беру ошақтарындағы электронды күнделіктерді мұғалімдер екі-үш күнде бірақ толтырып жатыр екен.

ФОТО: Ашық дереккөз

Басқа материалдар

Back to top button