Басты жаңалықтарҚоғам

Ұлды алып қалып, қыздарды балалар үйіне өткізейік!

Жоқшылық қамын тартқан әке мәселені осылай шешпек болған! Тас бауыр жанмен ат құйрығын үзіскен әйел жеті баласын қазіргі кезде жалғыз өзі асырап отыр. Тұрақты жұмысы жоқ,  14 мың теңге жәрдемақыны ештеңеге жеткізе алмай отырған отбасының тағдыры жайлы «Еуразия» телеарнасы көрсетті. (видео)

«Мама жылама…»

Жалғызбасты ананы жұбататын балаларының жалғыз «жылама» деген сөзі ғана. Бесіктен белі шықпаған ұл-қыздары балалықтың бал дәмінен бұрын тағдыр тауқыметін аналарымен қоса тартып келеді. Кезек-кезек көз жасын сүртіп, демеу береді. Ал, әкелері асырай алмаймын деп тастап кетіпті.

ГҮЛБАХРАМ ХАЛМҰРАТОВА «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ : «Балалды асыра алмаймыз дегенде бір бала мен бір қызды алып қалайық, қалғанын дет домға өкізейік дейтін күйеуім. Оған мен көнбедім. Сонымен ажырасуға тура келді.

Күйеуінің тас бауыр екенін білген соң Гүлбахрам бала-шағасымен Алматыға Қарақалпақтан көшіп келген. Бірен-саран туыстарын жағалап та көрген. Бірақ, жеті баласымен сыймапты. Алтын құрсақ ана оларды асырау үшін таңертең кім көрінгеннің үйін сыласа, түсте тағы бірінің үйін жинайды, кешкісін еден жуып, нан табады. Үкіметтің 14 мың теңгесі мен алтын алқасының не керегі бар деп қынжылады.

ГҮЛБАХРАМ ХАЛМҰРАТОВА «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ: «Мынаның маған не керегі, мына алтынның не керегі бар?. Күсмістің не керегі бар? Осындай бір бөлме болса да үй берсе ғой. Өкіметтің беріп жатқан 14 мың теңгесі қай жеріме жетеді. Егер Президентіміз көріп жатса өтініп сұраймын. Маған мына алтынның керегі жоқ. Бізге бір бөлме болса да үй берсін».

СТЕНДАП. ГҮЛНӘЗИЯ МЕЙІРХАНҚЫЗЫ,ТІЛШІ: «Батыр ана жеті баласымен қазір осы аядай бөлмені паналап келеді. Бұның өзіне 75 мың теңге береді екен. үйдің кішісі алмат үш жаста болса да әлі сөйлей алмайды өз қатарластары секіді. Ал, жеті жастағы Назым мектепке баратын кезі болса да, әлі мектеп табалдырығын аттамаған».

-Назым сен мектепке барғың келе ма?

— Ия мен мектепке барғым келеді.

— Сабақты жақсы оқисың ба?

— Ия!!

— Мамаңа не әпересің?

— Машина, үй әперемін.

Бұл қыздың шын аты – Нулифар. Бірақ, есімін Назым деп өзгерткісі келеді. Өйткені, көшіп-қонудан шаршаған кішкентай қыз Нулифармен қоса жоқшылық та бірге жойылады деп ойлайды. Оның үстіне, достарым әріп танымайды деп мазақ етеді, Назым болсам, оқуға қабылдайды деген аңғал арманы бар.

НУЛИФАР ХАЛМҰРАТОВА БАЛАСЫ: «Менің достарым мені мазақтай береді, сол үшін ауыстырамын мен».

Нулифардың тұрақты тіркеуі болмаған соң білімсіз қалуда. Батыр ананың тағы екі студент қызы бар. Ал, тоғызыншы сынып оқитын ұлы Алматының бір шетіндегі мектепке қатынауға мәжбүр. Үйдің кішісі Алматтың көшіп-қонып жүріп ауруын асқындырып алыпты. Бір басында үш ауыр диагнозы бар.

ГҮЛБАХРАМ ХАЛМҰРАТОВА «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ : «Тоғыз айынан бастап ауырады. Міне 3,5 жаста осымен алысамын. Қалай күн суытады ауруы басталады».

Бұл отбасы үй кезегіне де тұра алмай келеді. Өйткені, шешелері енді ғана тіркеуге отырыпты. Шенділер үш жыл болмайынша кезекке де қоя алмайтындарын айтып, есіктерін жылы жапқан. Сондықтан алтын құрсақ ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. (8-702-730-74-94)

Басқа материалдар

Back to top button