Басты жаңалықтарҚоғам
Экс-шенеуніктің баласы 15 қабаттан секіріп кетті
Президент әкімшілігінің басшысы болған Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин Латвияда терезеден секіріп, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі де растады.
Экс-шенеуніктің баласының қазасы жайлы қаралы хабарды Telegram желісінде саясаттанушы Талғат Қалиев хабарлаған.
«Өлімнің себебі сараптамадан кейін ғана белгілі болмақ. Полиция оның өзіне өзі қол салған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды», — деп жазған Талғат Қалиев
(суретте Аслан Мусин)
Еске салайық, Аслан Мусин 2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. Ал 2014 жылдан 2017 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болды. Бірақ зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылды.